воскресенье, 17 ноября 2013 г.

Уәж - сөз айту

Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады.
                                                            Халық

*******
Таппасаң сөздің жүйесін отына өзің күйесің
Ақылдының сөзі қысқа, көпке болар нұсқа
Шешен сөз бастар, батыр қол бастар
Қылыш жарасы бітеді, сөз бітпейді
Көп ішінде сөйлеген, ойға салмай сөйлеген
Көсемдіктің белгісі, шешендіктің белгісі
Көп сөз - күміс, аз сөз - алтын
Өткір тіл - дарын, ұзын тіл жауың
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
                                                    Халық

*******
Білмесіңе пікір айтпау - қарапайым заңдылық:
Бос сөзіңнен үнсіз қалу әлдеқайда таң қылық.
Насыр Хұсырау

*******
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
                                  Төле би

*******
Сөз сайыста жеңілген де бір - тілі кесілген де бір.
                                                           Тоқсары

*******
Бойда қайрат, ойда көз,
Болмаған соң, айтпа сөз.
Абай

*******
Ауыздағы есірген тіл кесірінен,  
Иықтағы бас кесілген.

Көз мергенінен сөз мергені мықты.
                                       Төрекелді Байтасов

Комментариев нет:

Отправить комментарий