Қазақ мифтері

Ұмай ана...

   Ұмай ана да үбірлі-шүблірлі болған. Он екі қыз өсіріпті. Бәрі де адам баласын бақытқа кенелтіп, молшылықпен жырғалту үшін қызмет етеді. Өзендерді бөгеп, шөл жерлерге су шығарады, тау басындағы бұлақардың көзін ашып, суды молайтуүшін қажымай еңбек етеді. Қыздарының осындай игі істеріне сүйсінген Ұмай ана олардың бұдан әрі де өмір бақи адам баласын жарлықай беруі үшін және алғы күндеріне жол сілтеп, бағыт нұсқап тұруы үшін, қада тастарға айналдырып жіберіпті дейді. Адамдар сол қада тастар жөн сілтеп тұрған бағытпен жүрсе -адаспайды, тіршілігіне қажеттің бәрін тауып алып отырады.

Қалша қыдыр

    Ерте кезде көп қолды бастаған Қалша қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады. Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып, бастаған қалың қолы қырылып бітеді. Өзі жау қолынан жараланып, елсіз иен шөлде жығылып, жалғыз  қалады. Шөлден әбден қақырығы түтеп, өлуге айналады. Осы сәтте көк аспаннан бір аққу ұшып келіп, аузына су тамызып, оны өлімнен құтқарады. Айдын көлдің жағасына апарып, жарасын емдеп жазады. Кейін бұл аққу асқан сұлуға айналады. Қалша қыдыр онымен үйленеді. Олардың арасынан қазақ халқының арғы атасы қазақ туады. Қазақтың үш ұлы -Бекарыс, Ақарыс, Жанарыстан қазақ халқын құраған үш жүздің ұрпағы тарайды.

Комментариев нет:

Отправить комментарий