Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.
Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді
Халық
Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді
Халық
*******
Саналы адам сағыңды сындырмас,
Санасыз адам жағыңды тындырмас.
Халық
*******
Таза өнердің иесі жомарт келеді.
Сайф Сарай
*******
Ақылсыздың сүйгені жаман, Ақымақтың түйгені жаман.
Досбол Би
*******
Адам бақытты болуға тиісті, егер бағы жанбаса сол адамның тек өзі ғана кінәлі.
Л.Толстой
*******
Адамдардың көбісі бақытты, бірақ бұл жайлы көбінесе біле бермейді...
А.Лэнгге
*******
Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын?
Мұхтар Әуезов
*******
Адамның ең ұлы қасиеті - бақытты болуға талпынуы.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
*******
Бай бодан болғаннан, тәуелсіз кедей болған әстілі жақсы. Әрине, адамдар бай, әрі тәуелсіз болғанды қалар еді - соның жолында олар кедей құлға айналады.
Альбер Камю
*******
Өз басым бөтеннің құписын ашқанды ұната қоймаймын. Бірақ бөгде адамның ағынан жарылғанын қалап тұрам.
Альбер Камю
*******
Қызғаншақтар үнемі дүрбіден қарайды,
ол кішкентай нәрсені - үлкен нәрсеге,
ергежейлілерді - алыптарға,
жорамалды - шыныққа айналдырады.
М.Севантес
*******
Әділдікті мойындау - адал кісінің ісі.
Бауыржан Момышұлы
*******
Адамзаттың ақылы шексіз,
Шектейтін- надандық.
Адамның биіктігі мен тереңдігін,
Жан-дүниесінің кеңдігімен өлше.
Төрекелді Байтасов
*******
Адамдардың аңға айналғанын,
Аңдардың таусылғанынан білерсің.
Қолында билігі бардың бәрі - білгішсымақ.
Өресі биік кісі
Өрескелдікке бармайды.
Өсу тоқталған жерден өшу басталады.
Қиналған азаматтың қасында руластары емес,
Ұрандастары болды.
Өлмейтін бір жақсы сөзге онсыз да өліп жатқан бір күніңді қи.
Төрекелді Байтасов
*******
Пенде шіркін кейде дақпыртты да даңқ деп түсініп қалады.
Әбіш Кекілбаев
Комментариев нет:
Отправить комментарий