Алаш-қазақ

Жерінде - бабасының,
Елінде - атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында -анасының,
Жолында - ағасының,
Төсінде -даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен - қазақ баласымын.
                               Бабалардан

*******
Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол - 
Олардың күндес, таласы.

Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құрмаланып құр атаққа.
Анау- қу, мынау - пысық, мен - батыр деп,
Айналды бірін-бірі құртпаққа.
                                                         Шәкәрім

*******
Алыстан алаш десе аттанамын,
Қазақты қазақ десе мақтанамын,
Болғанда әкем қазақ, шешем қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.
Міржақып Дулатов
*******
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың, 
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Ұйықтайтын бар не сиқың?
Қанған жоқ па әлі ұйқың?
                            Ахмет Байтұрсынов
*******
"Алаш" туының астында
Куә болсын арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық - біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын!
                                        Сұлтанмахмұт

*******
Ал, қазақ, мешел болып қаламын демесең, 
тағылымыңды, бесігіңді түзе
Мұхтар Әуезов

*******
Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін. 
Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді өзім қмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астынан дүрсілдеген  ат дүбірін, қарыш - құрыш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңда өсіп, өнген кереметтер емес пе...
                                                                                                       Бердібек Соқпақбаев

*******
...Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда асыл қасиетіндей сақтауы керек.
                                                                                                        Мұхтар Әуезов

*******
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
                                                                  Жұбан Молдағалиев

*******
Қазақ қазақтығын сақтағанда ғана азаттығын сақтай алады.


Төрекелді Байтасов

Комментариев нет:

Отправить комментарий