Алтын ұяң -Отан қымбат,
Құт береке атаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Мейірімді - анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Төле би
Құт береке атаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Мейірімді - анаң қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Төле би
*******
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Әйтеке би
*******
Отан - өткенімізді танып, бағалай білу,
ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.
Ахмет Байтұрсынұлы
*******
Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ,
сенен іскер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа
мін-дағы өрге бас.
Мұхтар Әуезов
*******
Отан -от басынан басталады,
демек өз бесігің, өз үйің.
Бауыржан Момышұлы
*******
Отан - адамның туып - өскен жері, атамекені, ел-жұрты,
табиғат байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік
құрылысы тіл, мәдениет, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып
ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына
айналған аумақ.
Бауыржан Момышұлы
*******
Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай.
Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш. Отанға деген
махабатты бізде өлшеуге болмайды.
Баубек Бұлқышев
*******
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан -мекенің
М.Мақатаев
*******
Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ.
Ғабит Мүсірепов
Комментариев нет:
Отправить комментарий