Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақмақшылық...
Абай
Абай
*******
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба...
Абай
*******
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғылымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Абай
*******
Үнемі өз білімінің кемшілігін сезетіндей әрі
білімін жоғалтып алудан қорқатын адамша оқыңыздар.
Конфуций
*******
Жүргені тіпті қарап пайдалырақ,
Күніне үйренсең де жалғыз әріп
Тамшыдан тама берсе болар дария,
Кетпей ме ақырында бір молайып.
Міржақып Дулатұлы
*******
Қазынаның ең үлкені -
Адамзаттың ақыл-ой қазынасы
Нақыл сөзді түсінуге де ақыл керек.
Төрекелді Байтасов
Комментариев нет:
Отправить комментарий